ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ
1 min read
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов билік пен бұқара арасындағы байланыстың алтын тінін, арқау жібін №4 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесуімен жалғады. Тұрғындардың айтуынша, мұндағы өзекті мәселелер соңғы уақытта билік назарына ілігіп, шешімін табуда. Дегенмен, қоғамдық көлік, ағын су мәселесі әлі күнге шешілмеген. Жергілікті жұрттың мәселелесін тыңдаған аймақ басшысы жауаптыларға бірқатар міндеттемелер жүктеді. Сондай-ақ, тұрғындарды атқарушы органмен тізе қосып жұмыс жасауға шақырды.