ОБЛЫС ӘКІМІ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
1 min read
Жамбыл облысы аумағындағы 180 мың гектар жер суармалы алқапқа жатады десек, бүгінгі таңда оның 110-115 мың гектарына су берілуде. Ирригациялық жүйелерді жөндеу және реттеу бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылға дейін аталған барлық суармалы алқапқа ылғал жетеді деп көзделуде. Бұл туралы Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында ауыл тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов атап өтті.