Н.НҰРЖІГІТОВ — ӨТКЕН ЖЫЛЫ ТАЛАСТА БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС АТҚАРЫЛМАҒАН
1 min read
Өткен жылы Талас ауданында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар 30,7 пайызға төмендеген. Дегенмен, бұл көрсеткішке сүйеніп, қылмыстың барлығы дерлік азайды деуге келмейді. Мәселен, мал ұрлығы, жастар арасындағы құқық бұзушылықтар әлі күнге тыйылмай тұр. Осындай деректер «сенім маршруты» акциясы аясында облыс әкімі және облыс прокурорының қатысуымен өткен жиында айтылды. Шешу жолдары қоса талқыланды. Сондай-ақ басқосуға құқық қорғау органдарының басшылары мен аудан әкімдігінің активі және жергілікті тұрғындар да қатысты. Толығырақ тілші тарқатады.