17 Май 2025, Сб 12:25:35 AM

МЕРКІ АУДАНЫНДА ФЕЛЬДШЕРЛІК АКУШЕРЛІК ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Денсаулық сақтайтын – дәрігер болса, олардың халыққа қызмет жасауына мүмкіндік жасайтын – емхана. Осы тұста Тұрар Рысқұлов  ауылында жаңа фельдшерлік- акушерлік амбулатория бой көтеріп, ауыл жұртшылығы қуанышқа кенелді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек сондай- ақ, ауыл тұрғындары қатысты.