«МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ
Мемлекеттік статистика органдарының негізгі міндеті қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. 2024 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылғы 8 маусымда күшіне енетін «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы заңының өзгерістеріне қол қойды. Жаңа түзетулерде респонденттердің есептерді уақтылы тапсыруы үшін шаралар күшейтіледі. Бұл туралы бүгінгі баспасөз брифингінде айтылды.