"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

МАСАҢ КҮЙДЕ ЖҮК КӨЛІГІН БАСҚАРҒАН ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

1 min read

Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» рейдтік профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 15 мас жүргізушіні анықтады, олардың арасында шет мемлекеттің азаматы да бар. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолында ПДпатрульдік полиция батальонының инспекторлары «Mercedes Benz» маркалы жүк көлігінің қауіпті жүріспен келе жатқанын көреді. Полиция көлік құралын тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексергенде жүргізушінің Түркия мемлекетінің азаматы екендігін анықтап және одан алкогольдің иісі шығып тұрғанын байқаған.  Сараптама нәтижесі жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екенін растады. Сот шешімімен жүк көлігінің жүргізуші — 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Ауыр жүк көлігі арнайы айыптұраққа қойылды. Іс-шараның екі күнінде полицейлер 2938 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың басым бөлігі белгіленген қозғалыс жылдамдық тәртібініңбұзылуы бойынша — 922 дерек. Көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізген 12 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзған 184 жүргізуші, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамаған — 205, көлік рулінде телефон арқылы сөйлескен — 110, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өтіп кеткен — 39, апатты жағдай жасағаны үшін – 19 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өткені үшін 441 жаяу жүргіншіге айыппұл салынған. Ал арнайы айып тұраққа 41 автокөлік қойылыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *