МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РУХАНИ БАСТАМА
1 min read
Бүгін Шымкент қаласында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай “Мархабат” журналы мен Мархабат.кз ақпараттық порталының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен зиялы қауым өкілдері мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.