"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

КӨЛІК ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН МАС ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

1 min read

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында полицейлер көлікті мас күйінде басқару фактісін анықтады. Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізушінің «Mitsubishi Сolt» маркалы автокөлігін ыңғайсыз айдап келе жатқанын, жүргізушінің көлікті басқарудағы қиындықтың барын байқаған. Автопатруль экипажы ер адамға көлікті тоқтатуды сұраған, бірақ ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бірден бағынбай, біраз уақыт қозғалысын жалғастырған.  Патрульдік полиция инспекторлары автокөлікті тоқтатып, құжаттарды тексергеннен кейін тәртіп бұзушыдан мас болу белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адам ішімдік ішкен күйінде көлік жүргізген. Оның 2022 жылдың мамыр айында сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал көлік айыптұраққа қойылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *