«КӨКТЕМ -2023» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Биыл елімізде қыс құрсауы қатты болып, қардың түсу көлемі де ауқымды болды. Тіпті жылдағыдан ерекше. Ал қазір көктемгі жауын-шашын төпеп берсе, төтеп беру оңай болмайтыны төтеншеліктерді алаңдатады. Салдарынан өзен-көлдерге жақын мекенге қоныс тепкендерге су тасқыны қаупі едәуір жоғары. Сәйкесінше, төтеншеліктерге артылар салмақ артып, жауапкершілік ауырлады. Осыған орай жылдағы ұйымдастырылатын «Көктем -2023» тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Оқу-жаттығуға облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, Жергілікті атқарушы органдар, ТЖ қызметкерлері, Ішкі істер департаментінің бөлімшелері, Ұлттық ұланның әскери бөлімдері тартылды. Толығырақ Мағжан Орынбасар жалғайды.