КЕҢЕЙТІЛГЕН ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2022 жылғы 9 ай қорытындысымен 1664,3 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,1% деңгейінде қалыптасты. Осылай деген экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басышысы салада оң динамика қалыптасқанын айтты. Әрине бұл турасында облыстық меже орындалғанымен ауданға шаққанда кетік тұстар аян болады. Мәселен, аудандар шегінде құрылыс жұмыстарының көлемі Сарысу , Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласы бойынша төмен болып отыр. Бұл жөнінде кеңейтілген мәжілісте облыс әкімі жауаптылардан жауап алды.