КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін өңір басшысының және облыс прокурорының қатысуымен облыс прокуратурасы жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің есептік отырысы өтті. Жиында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Кеңестің жұмыс істеп келе жатқанына биыл екінші жыл. Осы аралықта кәсіпкерлердің 20 жүйелі мәселелері шешілген. Бүгінгі жиында мемлекеттік кірістер органдарының салық салу және бақылау функцияларын іске асыру саласындағы проблемалық мәселелері мен жол берілетін бұзушылықтары талқыланды. Кәсіпкерлерліктің дамуына тұсау болған проблемалар талқыланып, шешілу жолдары айтылды.