КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Биылғы жыл еліміз үшін жарқын сәттерге толы болды. Соның бірі халқымыздың саны 20 миллионға жетуі. Ал, Тараз қаласының тұрғындары бүгінгі таңда 430 мың адамды құрады. Мемлекеттегі демографиялық саясатқа салынған екпіннің нәтижесі ат төбеліндей қазақтың дархан даланың төскейін толыруға септігін тигізіп келеді. Әрине, еліміздегі сан саладағы жұмыста да, демографияның көтерілуіне де нәзік жандылардың қосқан үлесі орасан. Осыған орай бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы алтын құрсақты аналарға алтын алқа, күміс алқаны табыс етті. Жалпы, Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында жалпы 2 753 көп балалы ана «Алтын алқа» және 2 516 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған. Ал, бүгін қанша көпбалалы ана құрметке бөленді? Тілші материалында.