КӘСІПТІ НӘСІП ЕТКЕН ШЕБЕР ТІГІНШІ

Тігіншілік өнері тек киімдер мен тұрмыстық заттар жасаумен ғана шектелмейді, ол сән әлемінде де маңызды орын алады. Әр түрлі үлгілер, түстер мен текстуралар арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Тігіншілік өнерін үйрену адамның шыдамдылығын, ұқыптылығын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Көптеген адамдар тігіншілікті хобби ретінде қолға алып, өздері мен жақындары үшін түрлі бұйымдар тігу арқылы ерекше шығармашылық қуаныш алады. Осындай жандардың бірі кәсібін нәсіп қылып отырған жан Аспара ауылының тұрғыны Бағлан Тоқтышақова.