«IQANAT» АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА ҚАНАТ БІТІРЕДІ
1 min read
Ауылда білімге құштар, ілімге іңкәр балалар көп-ақ. Дегенмен, түрлі себеппен жеткілікті білім ала алмай, қалаған, мамандығына түсе алмай қалатыны жетерлік. Бұрын осылай болған. Ал, соңғы 5 жылда «Iqanat» әлеуметтік білім беру жобасы еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды балаларды іріктеп, қиялына қанат бітіріп келеді. Биыл да ауыл арасынан іріктеу басталып кеткен. Мәселен, атаулы жобаның екінші кезеңіне Жамбыл облысының 10 ауданынан 790 бала өткен.