ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ТОЛЫҚ ОРЫНДАЛҒАН
1 min read
«Жамбыл-су» мекемесі өткен жылы 2,5 млрдқа жуық табыс тапқан. Ал, оның нақты пайда көлемі 1млн теңгеден сәл-ақ асады. Табыстың көбі шығыспен кетеді. Салдарынан ескірген су желілерінің тозу деңгейі 71 пайыз болса, алдағы 3 жылда оның жаңаруы 8 пайызға ғана орындау көзделген. Бірақ өткен жылғы инвестициялық бағдарлама 100 пайызға атқарылыпты. Күні кеше Жамбыл-жылу мекемесінің жұмысын зерделеген қоғамдық жұмыс тобы бүгін Жамбыл-су мекемесіндегі инвестициялық бағдарламаның орындалуымен танысты.