ЕСКЕРТКІШ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ
«Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ» деген ұлағатты сөзді ұран еткен халқымыз тарихта ізі қалған тұлғаларға тағзым етуді қасиетті парыз санайды. Әсіресе, жаугершілік заманда елге пана болып, жер қорғаған батыр бабалардың атын дәріптеп, ерлігін ұрпаққа үлгі ету жолында бірқатар іс атқарылуда. Тастұғырлар да бой көтеруде. Ал, оны қорғау, күтіп ұстау жұмысы қандай жүруде? Мәселен, Тараз қаласындағы ескерткіштердің бірқатары қазір сыр берген. Талас, Қордай аудандарында тарихи орындарға қауіп төніп тұр.