"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ДҮКЕН ТОНАҒАН АЛМАТЫЛЫҚ ТҰРҒЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

1 min read

Шу ауданы полиция бөліміне 46 жастағы жергілікті тұрғыннан дүкенінен кешкі сағат 21.30 шамасында белгісіз екі азаматтың азық-түлік және ішімдік заттарын алып, ақшасын төлемей, ашық жымқыру арқылы иеленіп, қашып кеткені туралы арыз түскен. Аудандық полиция қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу тобы оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп, күдіктілердің ізі суымай анықталып, біреуі ұсталды. Олар 21 және 23 жастағы Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Ұсталған ер адам Шу қаласына қасындағы досының «Лада» маркалы автокөлігімен қыдырып келгендерін айтып, дүкеннен тауар алып, төлемей кетіп қалғандарын мойындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексi-нің 128-131-бабының талаптарына сай шара қолданылып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта екінші күдіктінің қайда жүргендігін анықтау мақсатында іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *