9 Май 2025, Пт

ДОМБЫРА КҮНІ — ҰЛТТЫҢ ҮНІ

Ұлттық домбыра күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен “Жеңіс” саябағында өткен “Домбыра — дастан” мерекелік іс-шарасында қазақ күйлері күмбірледі. Ұлттық домбыраны ұлықтауға арналған кешке Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері мен домбыраны жанына серік еткен  150 өнерпаз қатысты.