«ДӘМДІ СЕБЕТ» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
1 min read
Бүгін шаһарда алғаш рет дәмді себет кондитерлік вабрикасы ашылды. Жобалық құны 700 миллион теңгені құрайтын жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 0,5 гектар жер телімі берілген. 100-ден аса жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтыған нысан күніне үш жарым мың тонна өнім өндіреді. Сондай-ақ облыстағы «Дәмді себет» желісінің 36 сауда нысанын кондитерлік өнімдермен және түрлі тіскебасарлармен қамтымақ. Өндіріс орнының ашылуына қала әкімінің орынбасары Қайрат Имаил арнайы қатысты.