БИЫЛ 65,8 МЫҢ ГА АЛҚАП СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН СУАРЫЛАДЫ
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қажетті техникамен қамтамасыз ету және «Ауыл аманаты» жобасы аясында су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері сараланды. Айта кетейік, биылдан бастап «Ауыл Аманаты» жобасы арқылы су үнемдеу технологиясын сатып алатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін 2,5 пайыздық мөлшермен несиелендіру көзделуде.