БИЫЛ 2 564 ПӘТЕРЛІ 45 ҮЙ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛМЕК
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов баспасөз алаңында өзі жетекшілк ететін салалар бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бері құрылыс саласы бойынша 147,3%, тұрғын үй көлемі 105%, байланыс 111,7%, көлік және қоймалау 92,5% деңгейінде қалыптасқан. Қалған салаларда да қарқынды, іргелі жұмыстар жасалып жатқанын ірікпей айтты.