БИЛІК ӨКІЛДЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА
1 min read
Бүгін қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил №10 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесті. Онда тұрғындар саны 45 683 адамды құрайды. Округте 234 көше, 7 көпқабатты тұрғын үй, 36 екі қабатты, 9830 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Сондай-ақ, 8 орта мектеп, 2 балабақша, 1 колледж бар. Медициналық мекемелерге келетін болсақ, № 6 қалалық емханасы, 2 дәрігерлік амбулатория қызмет атқарады екен. Кездесуде Қайрат Әбілханұлы мұқым елдің мұңын тыңдап, проблемаларын шешу жолдарын қарастырды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.