БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
1 min read
ҚР-да ең алғашқы балаларды оңалту орталықтарының бірі 2004 жылы Тараз қаласында ашылды. Орталық 2020 жылға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты ғимаратта орналасты. Бүгін басқарма өкілдері БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырып, орталық жұмысын көрсетті.