БАЛЫҚ САЛАСЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 21 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
1 min read
Рысқұлов ауданында «Nomad» балық шаруашылығында балық саласын дамыту бойынша семинар-кеңес өтті. Іс — шараны ашқан Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов балық өсіру саласы ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі екенін атап өтті.