«АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА?
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында 2019 жылдан бастап елімізде «Ауыл — Ел бесігі» жобасы іске асырылуда. Бұл бойынша 2019 – 2022 жылдары «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 137 ауылдық елді мекенде 32,8 млрд.теңгеге 474 жоба қаржыландырылған. Ал, биыл атаулы жоба аясында 98 елді мекенде 301 жобаны іске асыруға 15,7 млрд.теңге бөлінген. Бірақ кейбір аудандарда атаулы жоба аясында құрылысы басталған нысандар әлі күнге ел игілігіне берілмей келеді. Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарт жиынында өңірдегі «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында қаржыландырылған нысандардың жайы талқыланды. Толығырақ тілші материалында.