АСЫРАУШЫ САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ?
Жалпы биыл ауыл шаруашылығы саласын дамытуға — 30,3 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі күні 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілген.Осының нәтижесінде жыл басынан бері салада 526,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 39,5 пайызға артқан.Бұл туралы баспасөз брифингінде басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Мұхашев айтты.