«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНДАҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 min read
Бүгін «AMANAT» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясы отырысы өтті. Басқосуда күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралады. Алдымен «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жамбыл облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар мен көрсеткіштер Жол картасының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Тараз қаласында орындалу барысы жайлы болса келесі мәселе Тараз қаласының инфрақұрылым, автомобиль жолдарының жәй-күйі жалғады.Одан бөлек қаладағы мектептердің 2024-2025 жж. жаңа оқу жылына дайындығы сөз болды.