АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
1 min read
Қордай ауданында 5 адамға әкімшілік іс қозғалды. Өйткені азаматтар баласы үшін міндетті алиментті төлемеген. Қордай ауданының прокуратурасы жүргізген талдау жұмыстары нәтижесінде осындай деректің беті ашылды. Айып арқалаған әкелерге қазір 2-ден 5-тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылып, жауапкершілікке тартылды.