АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қоғамның әртүрлі саласын қамтиды. Бүгінде қоғам мен мемлекет арасында алтын көпір болып отырған еліміздегі үкіметтік емес сектор қарқынды даму үстінде. Оған дәлел қоғамдық ұйымдардың көбейгендігі. Бүгінде облыста әртүрлі бағыттағы 878 үкіметтік емес ұйымдар, 75 этномәдени бірлестіктер, 11 конфессиядан тұратын 379 діни бірлестік тіркеліп, жұмыс істейді. Бүгін олармен аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов кездесті.