ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
1 min read
Тараз қаласының прокуратурасы қала аумағындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жай-күйіне үнемі талдау жүргізіп, оны қатаң бақылауда ұстауда. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы — қылмыскерлерге заңсыз әрекеттерін жүзеге асыруда жаңа жолдар ашты. Соңғы жылдары қала аумағындағы алаяқтықтың, оның ішінде интернет алаяқтықтың санының өсуі қоғамда өзекті мәселеге айналған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қала аумағында 2022 жылы 609 алаяқтық фактісі тіркелсе, ағымдағы жылдың 4 айының өзінде алаяқтықтың саны 197-ге жеткен.