ӘБДІМОМЫН ЖЕЛДІБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
1 min read
Күні кеше «Баласағұн» Орталық Концерт Залында күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың 85 жылдығына орай «Күмбірле күйім-елімде!» шығармашылық кеші өтті. Айтулы шараға арқау болған Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы. Кеш бағдарламасында алдымен «Сырлы саздың сыңғыры» кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.Сондай-ақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров концертке арнайы қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.