2025 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БАРЛЫҚ АУЫЛ ҚАМТЫЛАДЫ
1 min read
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесуге құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Өткен жылы облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдердің 1200-ден астам кездесуі өтсе, ағымдағы жылдың алты айында 833 кездесу ұйымдастырылған. Оның 73-і облыс әкімінің қатысуымен өткен.