ТҰТЫНУШЫ РЕТІНДЕ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ ТАПТАЛСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Қазақстанда 2 жылдан бері «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң талқыланып жатыр. Қазір құжат Үкіметтің қарауында. Қолданыстағы нұсқасы 2010 жылы қабылданған. Бірақ, олқылығы көп дейді заңгерлер. Себебі азаматтардың шағымы көбеймесе, азаяр емес. Тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгіну керек және елімізде қолданыстағы заңдарды іс жүзінде қалай қолдану керек? Тілші материалында.