«МАРТ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ ЖАРЫЛАДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТ ЖАЛҒАН
«Март» сауда орталығы жарылады! Күні кеше осындай хабарлама алған Полиция департаментінің жеке құрамы, арнайы саперлері мен кинолог мамандары, Төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі оқиға орнына жедел жеткен. «Март» сауда орталығындағы қызметкерлер мен тұрғындар толығымен эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.