САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
1 min read
Қазақ ұлтының өткен тарихында мейманасы тасыған мерейлі күндерден бөлек, қасіретті кезеңдер де аз болмаған. Мәселен, тоталитарлық жүйенің зұлым саясаты мен зұлмат әрекеті ешбір елді таңдап, ешбір адамды талғаған жоқ. 1920-1950 жылдары Кеңес одағында миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Сайын даланы қу сүйекке толтырған бұл нәубет ел жадынан әсте өшкен емес. Дерекке дәлел, бүгін облыс әкімі және қала тұрғындарының қатысуымен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтті.