МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 100 %-ҒА ӨСПЕК
1 min read
Алдағы 3 жылда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өседі. Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов облыс тұрғындарымен кездесуінде осылай деді. Сондай-ақ, министрліктің алдына қойған межелі мұраттарын айқындап, алда атқарылар шаруаларды баяндап өтті. Жиынға аймақтағы мәдениет және спорт саласының өкілдері де қатысып, министрге бірқатар ұсыныс, талап-тілектерін жолдады.