ЕЛІМІЗ ЕНДІ ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕГЕ КӨШЕДІ
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мұрағат ісіндегі басым міндеттердің бірі болып табылады. Бұл жұмыстар цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жүргізілуде. Сканерлеуді бастамас бұрын, әр құжатты жеке өңдеуден өткізеді. Содан барлығын жинап, мұрағатқа жіберіледі. Тараз мемлекеттік мұрағатында цифрландыруды мұрағат ісіне тиімді енгізу, тарихи маңызды қағаздарды қалпына келтіру тәсілдері туралы мамандар айтып берді.