Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру басты назарда. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары цифрландыру ғасырында мемлекеттік қызметтерді жеңілдету жолдарын қарастырып, заман талабымен қатар жүреді. Оған тағы бір дәлел — ХҚКО қосымшасына бейнежоба енгізілді. Ол қалай жұмыс істейді және оның тиімділігі қандай?