ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ РҰҚСАТСЫЗ ҚОҚЫС ҮЙІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Шу ауданы полиция қызметкерлері аудандық әкімдікпен бірлесіп рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда. Полиция қызметкерлері қоқыстарды белгіленбеген орындарға қалдырған тұрғындарды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар азаматтарды әр жерге тасталған қоқыс қапшықтарына салынған банк чектері, балаларына тиесілі дәптерлер және басқа да сәйкестендіру құжаттары бойынша анықтады.Іс-шара барысында 32 және 47 жастағы жергілікті үш тұрғынға осындай құқық бұзушылық жасағаны үші әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Бұл бапқа сәйкес ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма айлық, жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.Тұрғындар өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылықтың салдарын жойды. Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарды өз денсаулықтары мен қауіпсіздіктерi үшін қоршаған ортаны ластамауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген қоқыс орындарында тастауға шақырады.