ТАРАЗДА ТОЙ КОРТЕЖІНДЕ ЕРЕЖЕ БҰЗҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қала аумағында орналасқан бейнебақылау жүйелері бойынша той кортежінде жол ережесін қатаң түрде бұзып, ішіндегі «Tоyota Prado 150» және «Audi» маркалы автокөліктері арасында механикалық жол көлік оқиғасы орын алғаны анықталды. Екі автокөлік иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлерімен кортедж құрамында болған басқа да 10 автокөлік иесі анықталды. «Lexus», «Nissan» маркалы автокөліктерінің жүргізушлеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 603-бабымен, «Land Rover», «Hyundai» , «Priora», «Hyundai» маркалы автокөліктерінің жүргізушілеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабымен, «Nissan» маркалы автокөлігінің иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 593-бабы 2-тармағымен жауапкершілікке тартылып, барлық көліктер айыптұраққа орналастырылды. Тәртіп бұзушыларға жалпы 313 мың 635 теңге көлемінде айыппұл салынды.