Кеше Таразда «Баласағұн» концерт залының сахнасында ресейлік балет жұлдыздарының гала-концерті өтті. «Әлемдік классика жауһарлары» бағдарламасын Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртістері, Ресейдің жетекші театрларының балет солистері, әлемдегі ең мықты Балет мектептерінің өкілдері ұсынды.