ТАРАЗДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА БАҒЫНБАҒАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жол ережесін өрескел түрде бұзған «Lexus LX 470» маркалы автокөлігі байқалған. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері берiлген арнайы бағыттамаға сәйкес аталған көлікті анықтап, тоқтатпақ болды. Алайда жүргізушi ескертуге қарамай, қала көшелерімен қашып, нәтижесінде алысқа кетпейтінін түсініп тоқтаған. Тоқтаған кезінде автокөлікте болған жолаушы өздігімен полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, қашып кетіп, кейінен көшенiң бойында ұсталды.Автокөлік жүргізушісі 40-жастағы Маңғыстау облысының тұрғыны екендігі анықталды. Олардың айтуынша полиция қызметкерлерінен қашып, облыс сыртына шығып кетеміз деп ойлаған. Аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен аталған құқықбұзушылық үшін қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу қарастырылады.