ОБЛЫС ӘКІМІ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов шалғай елді мекендердің бірі Мойынқұм ауданының Шығанақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.