НАУҚАСТАРҒА ДЕР КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Жамбыл облысында алғаш рет аймақ халқы денсаулығына байланысты мәліметтер базасын біріктіретін ахуалдық орталық ашылды. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың бастамасымен ашылған орталық емханалық, стационарлық және медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын жақсартуға ықпал етпек.