МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК ТІЗГІНДЕГЕН
Тараз қалалық Полиция басқарамасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен масаң күйде көлік тізгіндейтін жүргізушілерге рейдтік іс-шаралар күнделікті жүргізілуде. Әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде жол ережесін бұзған «BMW» маркалы автокөлігі тоқтатылған. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде екендігі байқалған. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің орта дәрежеде масаң күйде болғандығы расталды. Оның айтуынша жаңа жылдық кеште ішімдік ішіп, үйі жақын болғандықтан жылдам жетемін деп ойлаған. Нәтижесінде көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Ал автокөлік арнайы айыптұраққа жеткізілді.