СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ НАҚТЫ ЖОСПАРЛАР
1 min read
Дене шынықтырумен және жалпы спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 % — ына дейін жеткізу басты мақсат. Сондай-ақ, халықтың 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі Жамбыл облысының даму жоспарында спорт саласына қатысты 4 нысаналы индикаторларының қатарында. Осылай деген дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Арман Ташметов алғаш рет БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Баспасөз алаңында спорт саласындағы ахуалды айшықтап, нақты жоспарларды айтты.