"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

1 min read

Талас ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың және жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Іс-шараның алғашқы күндері Талас ауданы Ақкөл ауылы көшелерінде патрульдік полиция инспекторларымен жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін «Мерседес бенц 200» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Жеке басын анықтау барысында Сарысу ауданының тұрғыны екендігі белгілі болды.  Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жүргізушінің «жеңіл» дәрежедегі мас күйінде болғаны расталды. Жүргізушіге қатысты қылмыстық кодекстің 608-бабынының  1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, Талас аудандық сотына жолданды. Талас аудандық сотының қаулысы бойынша құқық бұзушы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Жамбыл облысы Полиция департаменті көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді және азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *