СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ!
1 min read
Су мәселесі өңірімізде өткір тұр. Айтып отырғанымыз ауылға жетпеген ауыз су емес, барлық мезгілде қаупін төндіретін көл-тоғандар, ағын су,айтып келмейтін апат. Биылғы жылдың өзінде тілсіз жаудан 5 адам тіл тартпай кеткен. Мұның өзі өткен жылмен салыстырғанда 2 адамға кем. Дегенмен, ауа райы суытып, елді мекендер қыс құрсауына іліккенде статистиканың артып кету қаупі жоғары.