ТАРАЗДА ПОЛИЦЕЙЛЕР «ҮНДІ МАРИХУАНАСЫН» ӨСІРЕТІН ФИТОЛАБОРАТОРИЯ АНЫҚТАДЫ

2025 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысының Полиция департаментімен есірткі қылмысының 40 дерегі анықталды. Оның ішінде аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтаудың 8 дерегі, сатудың 3 дерегі, есірткі өсірудің 2, есірткіні насихаттау және жарнамалаудың 1 дерегі анықталды. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысудың 1 фактісі анықталды. Синтетикалық есірткі өндіретін лаборатория ұйымдастырған 4 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды