«ЗЕРБҰЛАҚ» КЕШЕНІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
1 min read
Ел экономикасын өркендетудің тиімді тетігі – туризм саласын дамыту. Бұған егемендік жылдары айрықша ден қойылып келеді. Бұл бағытта Тараз қаласында да атқарылып жатқан оңды істер жетерлік. Көне шаһардың келбетін жақсартып, туризм орталығына айналдыру мақсатында былтыр «Зербұлақ» демалыс кешені ашылған болатын. Енді бүгін аталған отбасылық ойын-сауық кешенінің екінші кезеңі іске қосылды.